Дүйсенбі, 25 қараша, 02:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Индира Расылхан бұрынғы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

12.07.2023

936 0

Әншілікті тастап, өнерден алыстаған Индира Расылхан қазақтың келін кіргізу, қыз ұзату тойларына шығатын көрінеді. Сондай тойдың бірінде қобалжып отырғанын айтқан өнер иесі бұрынғы енесі туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Индира Расылхан тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге “менің жолымды берсін” деп тілек тіледі. 

“Келін мен ене мәселесінде менің жолымды берсін деп айтқым келеді. Ол жағынан менің жолым болды. Біз мамам (енем) екеуіміз әлі күнге дейін бір-бірімізді жақсы көреміз. Енеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Өмірімде бірде-бір рет ренжісіп, сөзге келіп, артық сөз айтып көрмеппіз. Ол кісі мені әлі күнге дейін сыйлайды, мен де ол кісіні жақсы көремін. Сіздерге сондай жақсы қарым-қатынас тілеймін. Әлі күнге дейін бір-бірімізбен араласып тұрамыз. Менің енем алтын кісі ғой. Алла ғұмырын ұзақ етсін”, – дейді Индира Расылхан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: