Жұма, 29 қараша, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Эстрадада қызуқанды жігіттер бар» : Ақбота Керімбекова істі болған әріптестеріне қатысты пікір білдірді

09.07.2024

528 0

Сурет: https://www.instagram.com/botakerim/

Танымал әнші Ақбота Керімбекова заң бұзып, 10 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаға араша түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қате басқан қадамды табалап, адамды қаралау дұрыс емес екенін алға тартты. 

“Адамдардың жаза баспағанын, қателеспегенін қалағаныммен, біреудің біреуді сүрінгені үшін табалағанын ешқашан дұрыс көрмеймін. Адамдардың қатеcіне қуанғандай болып біреулер бірдеңені көкиді де жатады, әйтеуір… Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар, ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын. Бірақ дәл Қайрат пен Әбдіжаппар жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ әнші біреудің қатеcіне қуану қоғамда белең алып тұрғанын да баса айтып өтті. 

“Біреудің жаза арқалағанына жарыса қуану бізге қайдан жұққан дерт осы?!. Бұл қылық қай ақылға сыяды?!. “Ұлы барлар ұрыға, қызы барлар жөзекшеге күлмесін” деген тыйымды саналардан қашан, қалай шығарып алдық?.. Ең болмаса, “тікен баламның табанына кіргенше, менің майдайыма кірсін”, деп тілеп отыратын әке мен шешенің, бала-шағаның көңілін неге ойламайды екен біреуді тілдемес бұрын?.. Біреу жетістікке жетті, біреу қуанышқа кенелді десе, тілі күрметілетін алатайдай топ біреу сүрінді десе бөрігін аспанға атқандай болып алып ұшып шыға келеді. Әй, Құдай-ай!.. Тілде, күнде, табала, жүнжіт әлде де, содан керемет боламыз”, – деді эстрада жұлдызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: