Сенбі, 27 шiлде, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

КешYou тобының америкалық рэпермен коллаборациясы жұрттың көңілінен шықпай қалды

27.07.2024

51 0

Сурет:видео скриншот

Америкалық рэпер Snoopdogg пен қазақстандық КешYou тобының бейнеклипі жарыққа шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Клипімізді YouTube-тен тамашалаңыз! Тарихқа куә болыңыз ⭐️🇺🇸🇰🇿 Қазақстандағы әлемдік жұлдызбен алғашқы фит! @snoopdogg @keshyou_official пікірлеріңізді күтемін!», – деп жазды продюсер.

Желі қолданушыларының бұл клипке қатысты пікірі екіге бөлінді. Кейбірі «Баян Қазақстандағы ең мықты продюсер №1», «Көңілді, керемет ән, клип те тамаша», «Қазақстан шоу бизнесіндегі тарихи клип, алға, КешYou» деп жазса, енді біреулері «Талантты ақшаға сатып ала алмайсың», «Көргеніміз көңілімізден шықпады», «Ән, клип👎👎👎👎👎👎👎👎», «Алғаш емес, Иманбек озып кеткен баяғыда», «Снуп тәп-тәуір айтты, бірақ КешYou айтқаны онша емес сияқты», «Үш рет тыңдадым, бірақ сөзін әлі түсінбедім» деп жазып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: