Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

 «Көкіректерін аспанға тіреп, амандаспай кететін әншілер бар»: Ақбота Керімбекова

26.09.2024

343 0

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жас әншілердің жарқ етіп сахнаға шыққан соң қарапайымдылығын жоғалтатынын сынға алды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші Adal Adam подкастында қонақ болғанда жас әншілердің өз қалпын сақтай алмайтынын тілге тиек етті. Нұрболат Абдуллин жайында да сөз қозғады. 

«Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, ол баланы қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұндай көзқараста жалғыз мен емес. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын. Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. «Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек» дедім. Басқа-басқа алдыңғы буын – бізге көрсетуі ұят қой”, – деді әнші. 

Ал басы талай дауға іліксе де, қаншама хит шығарса да қалпынан танбайтын Қайрат Нұртасты жақсы көретінін айтты. 

“Қайрат – алтын адам. Қаншама гастрольдік сапарда бірге болдық. Дуэт айттық. Көз алдымызда өсті. Өте қарапайым, біртоға азаматтың бірі. Өз басым қатты сыйлап, құрметтеймін. Адамшылықтан айныған емес. Кім не десе, о десін, Қайрат керемет адам”, – деді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: