Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Көп қиындықтар кездесті, оңай болған жоқ»: Актриса Нұргүл Мыңғатова

26.08.2024

1142 0

Сурет: видео кадр

Танымал актриса Нұрғүл Мыңғатова алғаш рет сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Актриса жақында Late night show with Dinara Satzhan бағдарламасында қонақта болды. Тележүргізуші Динара Сәтжанның айтуынша, актриса сұхбат беруге өзі өтініш білдірген екен. 

«Осы жолы өзім сұранып келдім. Бір жағынан демалысқа сәйкес келді, бір жағынан жолым түсті. Сіздің бағдарламаға келу әр өнер адамының арманы деп ойлаймын», – деді актриса бағдарламаның жүргізушісі Динара Сәтжанға. 

Динара Сәтжан болса актрисадан қазіргі табысқа қалай қол жеткізгенін сұрады. 

«Мен бұл табысқа өте ұзақ әрі қиын жолмен келдім. Мен өзім ауылда өстім ғой. Сонау Кеңес Одағының адамдарымыз деп айтуға болады. Кішкентай кезімнен армандап, ауылдан қалаға келіп, сәті түсті. Ақырындап армандарым орындала бастады. Қазіргі жетістігім бірінші -Алланың, екінші – көрермендердің арқасы. Көп қиындықтар кездесті, оңай болған жоқ», – деп ағынан жарылды актриса. 

Нұргүл Мыңғатованың «енді өнерге қайтпаймын» деп жылап, бұл саладан біраз уақытқа кетіп қалған сәттері де болыпты. 

«Қиналып-қиналып, таза өз еңбегіммен қазіргі күніме жеттім», – деп қорытындылады актриса сұраққа жауабын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: