Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Көшеге шыға алмай қалдым, ешкім мына түрімді көрмесін»: Балжан Бидаш 

03.11.2024

725 0

Әнші Балжан Бидаш Жақан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Ажырасқан кезде менде не болғанын сіздерге ашып айтпадым. Уақыты келді деп ойлаймын. Мен қазір біреуді жамандайын деп отырған жоқпын. Тек сезімдерімді айтып отырмын. Бәрі әйтеуір себебін білгісі келіп, біраз жер сұхбатқа шақырды, бірақ мен бас тарттым. Өйткені ондай хайп қажет емес. Ажырасқаннан кейін қандай күйде болғанымды бәріңіз көрдіңіздер, әр іс-әрекетімді бөлісіп отырдым, бірақ бір нәрсе көрсетуге қысылдым. 

Депрессия болды, қанша жасырғаныммен ол көзімнен көрініп тұратын. Мейрамханаға баруға, достарыммен араласуға көңілім болмады. Бар фокусым – тек қалай алға жылжу керектігінде болды.

Жалпы бір адаммен конфликт басталса үндемей ұрыстан қашатыным бар. Бұл менің денсаулығыма әсер етті. Сөйтіп жүргенде бетімді адам көрместей безеу басты. Көшеге шыға алмай, фотоларды тек фотошоппен жасырдым. Тіпті фотошоп та, гримм де көмектеспей қалатын кездер болды. 

Жалпы тағдырыма разымын. Барлығы Құдайдың жіберген сынағы мен өмірлік сабақтары. Осы тәжірибе арқылы жолым ашылды. Нағыз Балжанды іздедім. Дәл сол кезде депрессиямның басты себебі – бетімнің жағдайы еді. Көшеге еркін шыға алмай қалдым, ешкім мына түрімді көрмесін дедім. 

Сол кездегі фильтрсіз суретімді көрсеңіздер, шошисыздар. Не ойлап жатқандарыңызды білмеймін. Осыны айтудың кезі келген сияқты. Шыны керек, осы сәтті күттім. Осы суретті бір күні сіздерге көрсететінімді білдім. Сіздер білесіздер, мен сіздерге ашықпын. 

Әрдайым сіздердің қолдауларыңызды, жалпы хаттарыңызды оқып отырамын. Бүгін тағы бір жақын бола түсейік, суретті көруге дайынсыздар ма?», – деп жазды Балжан Бидаш өзінің Instagram парақшасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: