Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Күйеуім танымал әншімен көзіме шөп салды». Индира Елемес 

08.08.2024

643 0

Сурет:massaget.kz

Танымал әнші Индира Елемес күйеуімен неге ажырасуға бел буғанын айтып, сырын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Индира Елемес «Мамский әңгіме» подкасында Айнұр Ілиясоваға сұқбат беріп, алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. 

«Күйеуіммен танысқанда оның отбасы бар екенін білдім. Біле тұра, тұрмысқа шықтым. Ол кезде жаспын, тойға көп шығамын. Тойда жүргенде жігіттер тиісіп, жиі кездесуге шақыратын. Олардан құтылу үшін тұрмысқа шығатын адам іздей бастадым. Сөйтіп күйеуіммен кездестім. Анам батасын берді, бірақ әпкем үлкен кісіге тұрмысқа шығуыма қарсы болды. Үйлену тойы болды, бірақ ақ көйлек кимедім. Қыздардың арманы ғой көйлек кию. Мен үшін де арман болып қалды», – деді әнші тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып.

Индира Елеместің айтуынша, оның шетелдік әншілермен дуэт айтуына күйеуі себепші болыпты. 

«Күйеуімді жамандағым келмейді. Оның жақсы қасиеті көп. Өнерімді қолдап, шетелдік жұлдыздармен дуэт айтуыма себепкер болған адам. Бірақ кейде адам төзгісіз іс-әрекеті мені қатты таңғалдырады. Бас қосқаннан кейін, «Бір ғана шартым бар, менің көзіме шөп салмайсың, ренжітпейсің. Қалған тірліктің бәрін кешіремін» дедім. Бірақ ол сөзінде тұрмады. Ажырасуымның себебі – менің сезімімді айырбастап кетті. Осы күнге дейін тек соның қас-қабағына қарап, сыйлап келіп едім», – деді ол. 

Әнші күйеуінің бірінші отбасы бар екенін білгенімен, оның тағы бір әйелден баласы барын білгенде қатты ашуланыпты. 

«Бір күні таныс емес номермен біреу телефон соғып, менің күйеуімнен қызы бар екенін айтты. Ол қыз да өнерде жүр. Атын атамай-ақ қояйын, танымал әнші. Жолдасым сол күйі мойындамады. Әлі де ат тонын ала қашып отыр. Қызының жасын айтқанда, менің қызымнан үлкен болып шықты. 4 жаста екен. Менің қаншама жыл сол кісіге өмірімді арнағаным бекер болыпты. Жүріс-тұрысынан күдіктенбедім де. Ажырасуымның басты себебі. Кешіре алмадым. Балаларым бола тұра, бөлек кетуге шешім қабылдап отырмын», – деп ағынан жарылды әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: