Танымал әнші Ерке Есмахан «су тасқынына байланысты 200 мың теңге ғана көмек берді» деп өзін сынағандарға жауап қатты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, әлеуметтік желіде танымал адамдар қанша көлемде қайырымдылық жасағаны көрінетін тізім тарап кеткен. Алайда әнші жұбайымен бірге бұдан бірнеше есе көп қайырымдылық жасағанын айтып, қиын шақта халықты бірігуге шақырды.
«Біресе балама, біресе байыма, біресе өзіме тиісіп қоймады ғой хайп қуғыштар. Мені үйде тыныш отырғызбайды әйтеуір. 2-3 күн бұрын жиналған әншілердің сборының тізімінде қырғын адам тұр, соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, соны жаңалық етіп интернетке шығарыпты. Ұят! Ерке 200 мың теңге ғана беріпті деп шулап жатыр екен. …Енді сіздер ұят деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. …Күйеуіме ренжіп отырмын, бөліп-бөліп бергеннің өзінен үлкен сумма шықты. Одан да сол бөлмей, шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді, дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сумма болар еді деп. …Осындай ел басына күн туғанда бірігудің орнына іріткі салып, кім берді, қанша берді, анау-мынау деп салғыласып отырғандарға Алла сана берсін», – деп жазды өнер иесі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!