Сенбі, 23 қараша, 06:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Күйеуді екінші орынға қою – қателік»-Гүлзира Айдарбекова

04.01.2024

810 0

Сурет: stan.kz

Отандық продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылдан кейін шетелге демалуға аттанды. Бұл жолы өнер иесі жалғыз өзі демалуды жөн көрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жары Нұртас Айдарбеков елде қалған көрінеді. 

“Былтыр Нұрекеңмен екі мәрте Түркия елінде қыдырып едік. Теңіздің жағасында керемет демалып едік. Бұл жолы Вьетнамға жалғыз келдім. Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Жұбымыз жанымызда болса ғана бәрі әдемі болады. Алла өмір берсе, әлі талай елді аралаймыз. Вьетнам елінің тамағы Нұрекеңе ұнамайды, “ол жақтың тамағын жей алмаймын” деп қалып қойды”, – дейді продюсер. 

Сондай-ақ өнер иесі жұбымен бірге көбірек саяхаттауды насихаттайтынын жеткізді. 

“Кейде уақыт салып, бір-бірінен алыстап бөлек саяхаттаған да дұрыс. Бірақ ұзақ уақытқа емес. Сағыныш деген ол да керемет сезім. Шетелге бармаймын, өзің бара бер дейтін Нұрекеңді екі жылда қаншама жерге баруға көндіріппін. Германиядан бастап, Америка асыппыз. Нью-Йорк, Чикаго, Майами қалаларына саяхаттадық. Бәрі Гүлекеңнің арқасы болып тұр ғой. Ер-азаматты өзіңе деген махаббатыңа қарай көндіре беруге болады. Тек көңілге кір салмайтын жақсы дүниелер болса жетіп жатыр. Нәтижесін көргеннен кейін, сізді мойындайтын болады. Бірінші орынға өзін, күйеуін екінші орынға қою – қателік. Өмірдің мәні күйеуді биіктетуден басталады. Ер-азамат – сіздің піріңіз”, – кеңес берді Гүлзира Үсенқызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: