Жұма, 22 қараша, 09:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

«Күшті ақша берсе ғана шығамын»: Тұрар Ыдырыс

25.07.2024

438 0

Сурет: скриншот

Жастар арасында танымал болған Тұрар Ыдырыс не үшін тойға барғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі The DS’ Show бағдарламасына келіп, той-томалаққа барғысы келмейтінін жасырмады. 

«Қазір тойға шықпаймын, көп бармаймын. Көбі мені тойдан көп қаражат табады деп ойлайды. Бірақ менің негізгі табысым – концерттер. Кейде күшті ақша берген кезде шығамыз ғой. Тойға әдейі көп гонорар айтамын. Мені алғанша басқа екі-үш әншіні алған той иесіне тиімді. Бармау үшін әдейі көп ақша сұраймын. Тойға бара берсем қадірімді жоғалтып алатын сияқтымын. Концерттерге ақша жинау қиын болып кететін сияқты. Тойға қарсылығым жоқ. Тойдың атмосферасы ұнамайды. Достарыңның тойында мейлі. Ал енді ешкімді танымайтын жерде біреу тамақ ішіп отырады, біреу сені тыңдамайды да. Сосын келіп, суретке түсіп жатады. Өзіме кішкене сол жағы ұнамайды. Өзім де қысыламын», – деді хитмен. 

Сонымен қатар Тұрар Ыдырыс продюсермен жұмыс істей алмайтынын мойындады. Өнер иесі продюсермен жұмысы соттың араласуымен аяқталғанын да айтып берді. 

“Үш жылдай продюсермен жұмыс істедім. Кететін кезде екеуміз келісе алмай қалдық. Сол сәтте дұрыс кету керек еді. Менің де балалығым болды. Бізде бес жылға келісімшарт болды. Мен үш жылдан кейін кетем дегенде ол кісі сотқа берді. Бірақ кейін бәрі шешілді. Мен бұрынғы продюсеріме Porsche Panamera сыйладым. Бірінші сөйлестік. Негізі мүмкіндік болғанда мен оны бірден беретін едім. Мен продюсерден кеткен соң ақшам болған жоқ. Бір жылдай жұмыс істеп, бірінші табысыма алған дүние. Ол кісінің маған еңбегі сіңді. Сол үшін осылай қымбат сый беріп кеткенім дұрыс болады деп шештім. Бұл менің рақметім ретінде берілген сыйлық», – деді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: