Сенбі, 21 желтоқсан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ләйлә Сұлтанқызы: “Ер адам түздің адамы, оларға қатал болу керек“

20.09.2024

356 0

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасының бала тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жазбасында жақында шетелге оқуға аттанған ұлымен қаншалықты жиі сөйлесетіні туралы айтты. 

«Жырақта жүрген балаңызбен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Анаммен диалогтан…
«Сағадатқа хабарласуым керек. Мені тыңдасаң, балаңа сағат сайын, күн сайын видеомен, жай болсын хабарласып, мазасын ала берме! Аптасына 2-3 рет сөйлессең жетеді!»
Рас, ойлап қарасам, анам әлі күнге дейін мені жиі іздейді. Қыз, жалғыз қыз болғасын шығар. Тамағым тоқ па, баратын жеріме жеттім бе, аяғым жылы ма, жүрегім тыныш па?.. Бәрі-бәрі маңызды. Ал ұлдарға келгенде сәл қаталдау. Қанша жақсы көріп, жүрегі жібіп тұрса да, ер адам түздің адамы, оларға қатал болу керек деген ұстаным ол кісіде.
Маған да соны түсіндіруде…», – деп жазды журналист.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: