Сәрсенбі, 08 қаңтар, 20:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының неден қайтыс болғанын алғаш рет ашып айтты

07.01.2025

314 0

Фото: instagram.com/sultankyzy

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы жайлы халықты қызықтыратын сұрақтардың бірі — күйеуі Қайрат Беркінбаевтың өлім себебі. Дина Төлепберген халық арасында инфаркт және ішімдікке салыну деген екі гипотеза кең тарағанын айтты.

Тележүргізуші екеуін де жоққа шығарды.

«Мен дұрысын айтайын. Тромбоэмболия. Маған бұл диагнозды түсіндірді. Ол ковидтан кейін байқалды. Негізі ол вакцина алды. Бірақ ковидпен қатты ауырып шықты. Инфаркт емес», — деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының соңғы сәтін еске алды.

«Қарашада каникул кезінде маған балаларды қыдыртып кел деді. Сөйтіп, 3-4 күнге Ыстамбұлға жіберді. Ол бізді әуежайға апарып тастады. Ешқашан шығарып салмайтын. Дәл сол күні шығарып салғысы келді. Суретке түстік», — дейді тележүргізуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: