Әнші Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нйұртастың қамауға алынуына қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Әнші өз жазбасында «Досым» деп жүріп, домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатындарды» айыптаған.
«Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп, домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті», – деп жазды ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!