Сенбі, 21 желтоқсан, 23:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен кетсем, бәрі қуанатын шығар»: Нұргүл Мыңғатова

27.08.2024

520 0

Фото: nurgul.myngatova/instagram

«Келінжан» сериалы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Бұрыннан сондаймын негізі. Жеке өмір деген, ол – жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. …Тұрмысқа шығайын деп жатырмын. …Ұзатылып жатсам ұят болар. Сыңсу айтып жылап жатпайтын шығармын. Мен кетсем, керісінше бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз, – деді Нұргүл Мыңғатова.

Өнер иесі 30 жастан асқанда босанғанын айтқан еді.

Бұйырса енді ғана есейіп, жігіт болып келе жатыр. Қазір жасы үштен асты. Мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғаннан кейін аялап жүрмін. Шынымды айтсам, бәріне қызық, көргілері келеді. Кішкене өсіп алсын деп жүргенде жасы үштен асып кетіпті ғой. Қазір менімен сөйлесіп, өзіме ақыл үйрететін болды. Қазір оны видеоға түсіріп, контент түсіруге болады негізі. Бірақ басқа да ойым бар, – дейді актриса.

Нұргүл Мыңғатова алғашында Динара Сәтжанның бағдарламасына баласымен келуді жоспарлаған екен. Алайда баласы ауырып қалған соң өзі ғана келіпті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: