Әнші Тамара Асар Назарбаевпен кездесуінде не үшін жылағанын журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Нұрсұлтан Әбішұлы ана туралы өлең оқыды. Бәріміздің ойымызға анамыз келді. Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Маған тұжырымдап сөз айтып, тоқтататын – анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол кісі еңкілдеп жылады. Оның жылағанын қиып тастайды да, бізді шығарады. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды», – деді Тамара Асар.
Тамара Асар оның жалғызсырап жүргенін байқадым дейді
«Әйел болу дегеніміз – процессте жүру. Бала туады, түрлі жұмыстарды істейді. Балаларына алаңдайды. Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де», — деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!