Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Нұртас Айдарбеков ұлы Қайрат Нұртастың аяғынан шалушы көп екенін жасырмады

30.07.2024

187 0

Фото: https://www.instagram.com/aidarbekov_nurtas/

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының өнерде жиі сәтсіздікке ұшырайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсер журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат беріп, өнерлі ұлы үшін алаңдайтынын жеткізді. 

“Қайрат бала күнінен сахнада жүр. Менің шешем керемет әнші болған. Әкем де әу деп қоятын. Бірақ ол кезде заман басқа болып, мал шаруашылығымен айналысты. Нағашылар жақта да өнерлі адамдар бар. Қайратқа екі жақтан да берілген болуы керек. Алайда ұлым балаларының өнерге барғанын қаламайды. Өнерде жүріп түрлі қиындыққа тап болды. Аяқтан шалушылар көп. Республика сарайында марқұм Арман Дүйсеновтің концерті өтіп жатқан. Қайрат та оның бірнеше әнін орындайтын. Қайрат барып, бір-екі әнін айтып берейін десе ішке кіргізбей қойыпты. Содан кейін мен бір-екі үлкен кісіге барып «Халық жауы болса алып шығып, алаңда атып тастай салсаңызшы. Әншіні Республика сарайына кіргізбей қою деген не сұмдық?!» деп айттым. «Шамалы қоя тұрыңыздар, бір жылдың ішінде бәрі де басылар, жоғарыдағылар шулап кетті» деп шығарып салды. Сондайдың бәрі Қайратқа үлкен соққы болып тиді”, – деді продюсер. 

Сонымен қатар жұлдызды әке ұлының қызбалыққа салынып кететінін жасырмады. Сондай кезде ұлына басу айтып, сабырға шақыратын көрінеді. 

“Қанша дегенмен жас қой, кейде қызбалыққа салынады. Сондайда «Балам, қоя бер, ең бастысы халықтың басым көбі сенің жағыңда. Оны елеме, өз тірлігіңді істеп, алға қарай жүре бер. Халық өзі керек кезінде сақтап алып қалады» деп айтып отырамын. Мысалы, баяғы «Прайм плазадағы» жағдайда Қайраттың еш кінәсі жоқ қой. Артық айтсам ренжімеңіз, Қайраттың жұмысы ғой бұл істеп жүрген. Қайратқа тапсырыс түсіп, ақшасын төлеп, «әжетхананың қасында ән айтып бересің десе», ол айтады. Өйткені ол – оның жұмысы. «Прайм плазада» да солай болды, ақшасын төледі, шақырды. Баннерге үлкен етіп суретін салды. Жұрттың білетіні – Қайрат. Содан жұрт «Қайраттың жеке концертінде көтеріліс болды» деп шулап кетті. Негізінде ол жерде Қайраттан басқа да әншілер болған»,  – деп еске алды әкесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: