Сенбі, 23 қараша, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Нұржан Керменбаев пен Элизат Берікова бірге көзге түсті

20.12.2023

978 0

Фото:kaz.nur.kz

Нұржан Керменбаев пен «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Отбасылы әнші мен екі баласы бар Берікованың видеосын көпшілік қызу талқыға салды, деп хабарлайды kaz.nur.kz

Әнші Элизат Берікова Instagram парақшасына Нұржан Керменбаевпен видео жариялаған. «Үйде. Іш пысқан кезде. Трендтен қалмаймыз ғой», – деп жазған Берікова. Сонымен қатар ол бұл жазбасына Нұржан Керменбаевты белгілеп, жүрек белгісін қойған. Бұдан бөлек Элизат Берікова өмірінде көп өзгеріс орын алғанын айтып, жазба жариялаған. Ал бұл жазба астына Нұржан Керменбаев пікір білдіріп, жүрек белгісін қалдырады. «Соңғы кездері менің өмірімде көп өзгеріс болды. Жақсысы да, жаманы да бар. Бірақ не болса да, бәрі дұрыс деп ойлаймын. Солай болуы керек болып тұрған ғой», – деп жазған болатын Берікова.

Желі қолданушылары отбасылы Нұржан Керменбаев пен екі балалы Элизат Берікованың бұл ісін түсінбей, жарыса пікір жазуда. Олардың бірі Нұржан Керменбаевты екінші әйел алды десе, екіншілері қос әншінің хайп ұстап жүргенін айтуда.

«Нұржанның екінші әйелі болдың ба?», «Ұқпай жатырмын», «Бірге өлең айтты деп үміттенемін», «Хайп қой», «Нұржанның өзінің сұлу да, сүйкімді келіншегі бар ғой», «Иманжүзді жары бар емес пе», «Алса, екінші некелі жары етіп алып отыр ғой», «Басқа, басқа Нұржаннан мұндайды күтпедім», «Нұржан ажырасып кеткен бе?», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Айта кетейік, Назерке Керменбаева күйеуінің парақшасын жазылушылар қатарынан өшіріп тастаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: