Жексенбі, 29 желтоқсан, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Өмір сүруден шаршап кеттім»: Мақпал Жүнісова

09.09.2024

576 0

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарының талқысына қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Желі қолданушылары әншінің сөйлеу мәнері мен сөздеріне қарап, оны мас күйде деп топшыған.

«Құрметті менің жанашырларым, мені жақсы көретін жандар, мені жек көретін жандар!
Тағы бірнәрсе айтайын, айтқаным айтқан, мен жариялаған видеомды өшірмеймін. Кім қалай түсінсе, солай түсінсін. Мен қырылдап тұрсам, бәрібір ішіп алды дейсіндер. Ауырып, дауысым бұзылып тұрса, тағы да ішіп алды дейсіңдер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағымды, шайымды ішіп, үйді жөндеу жұмыстарын айналысып жатқан келіншек емес, қатынмын. Ал, ұрып алсаңдар, ұрып алыңдар! Түсінбесеңдер, түсіңбеңдер!», – дейді әнші видеода.

"Өмір сүруден шаршап кеттім": Мақпал Жүнісова

Кейінірек өнер иесі оқырмандарының өтініші бойынша видеоны өшіріп тастады.

«Жақсы, бәрі жақсы. «Видеоны өшір» дейтін адамдарға, өшірдім. Ал не өзгерді? Мен өшірсем, өмірлеріңіз өзгеріп кете ме? Бәрібір мен өзімнің жүрегімдегі сөзді айттым. Мен қашқан жоқпын. Бірақ сіздер «өшір, өшір» дедіңіздер, мен видеоны өшіргеннен алтын боп кетемін бе? Басымды қатырмаңыздаршы, сіздерге қарап өмір сүруден шаршап кеттім», – деді ол тағы бір видеосында.

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

«Мақпал, Халық әртісі – арзан атақ па? Ел алдындағы абырой мінсіз өтеу керек! Осыдан кейін мың жерден дауысы керемет болса да, мен тыңдарман ретінде рахаттанып тыңдай алмайтын шығармын. Өмірдің көбі кетіп, азы қалды, өзің айтқандай, халқының есінде сүйкімді, сүйікті болып қалсаңшы!», «Өкінішті», «Жақсы көреміз! Алайда, мұндай видео қажет емес!», «Осы әңгіме кімге керек? Не айтып отырғанын өзі білмей отыр ғой», «Әрине, оңай емес. Жалғыз басты әйелге соншама жүк артылу. Халықпен мұңдасып отыр. Сізді жақсы көремін. Ешқандай жамандыққа қиғым келмейді. Қартайған жүзіңіз де әдемі. Аллам әдемі қартаюды нәсіп етсін», – деп жазған олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: