Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Өмірде бар екенін 15 жыл білген жоқпын». Маралтай Райымбекұлы

25.09.2023

599 0

Танымал ақын Маралтай Райымбекұлы ел білмейтін отбасылық құпиясын ашты. Бұл туралы ол «Алғашқы» бағдарламасында әңгімеледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, 4 жұбайынан 10 баласы бар.

«Тағдырым ала құйын. Біресе олай, біресе бұлай. Құдай маған 10 перзент берді. Соны маңдайы жарыған аяулы, ардақты қазақтың 4 қызынан нәсіп қылды. Әлия – менің тұңғыш қызым. Өмірде бар екенін 15 жыл бойы білген жоқпын. Әлияның да тағдыры елге, жұртқа құпия, жабық қалпында қалғанын қалаймын. Өйткені оның себептері бар. Бұл тақырып осы қалпында қала берсе ләзім деп ойлаймын», – деп түйіндеді ол.

Маралтай Райымбекұлы балалары бір-бірін қабылдағанын айтады.

«Алла шүкір. Бір-бірін толық қабылдады. Бұл менің еңбегім емес, балалардың аналарының еңбегі. Отбасымда шайымды құйып отырған Шәкидің еңбегі, басқа да балалардың аналарының еңбегі», – дейді ақын.

Айта кетейік, Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы дүниеге келген. Тұңғыш кітабы «Ай-нұр» (1996), екінші жинағы «Ай» (2000) деп аталады. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады», «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: