Жұма, 27 желтоқсан, 01:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

“Өз өмірімді ауыстырмас едім”: Гүлзира Айдарбекова

29.08.2023

459 0

Танымал түрік сериалының басты кейіпкері Хюррем сұлтанның дауысымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова тағы да сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әдемі көйлектерін киіп түскен видеоға өзін Сұлтан Сүлейменнің сүйікті жары деп таныстырған Хюррем сұлтанның дауысын қойған. Бұл видеосын әлеуметтік желіге жүктеген Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды.

“Хюррем болу саған қайда”, “Өзін өте жоғары бағалайды”, “Хюрреммен салыстыруға да келмейді”, “Армандама, саған жараспайды”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Жағымсыз пікір жазған хейтерлерге Гүлзира Айдарбекова: “Сен үшін мықты, қол жетпес шығар. Менің отбасыма барып сұрашы, Хюрремді менің тыргағыма ауыстырар ма екен?”, – деп жауап қайтарды. Продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл видеоның қалай түсірілгенін баяндап, ешкімнің өміріне қызықпайтынын жеткізді.

“Туған күніме киген қызыл көйлегімді, көмекшім жәй өзіне түсіріп тұрғандай болып еді, кейін Хюремнің дауысын қойып екінші салған видеоны жіберіпті. Қызық көріп TikTok-қа “Әр әйел өз үйінің ханшайымы” деген тақырыпта салғанмын. Оқырмандардың көбісі жақсы пікір қалдырыпты, кейбірі “Хюррем болу саған қайда” депті. Негізі сол Хюррем болғым келіп армандап жүргенім жоқ. Соның өміріне өз өмірімді ауыстырмас та едім. Алла әр пендесіне жеке өмір, жеке тағдыр жазған, біреудің өмірін сүру мен үшін арман да емес. Қанша мықты болса да, ханның пәлен қатынының бірі болғанымша, өз жанұямның шамшырағы, Нүрекеңнің ханшайымы болып жүре берейінші”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: