Сенбі, 28 желтоқсан, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

 Оюы бар киім киген KeshYOU тобы сынға қалды

21.06.2024

752 0

Сурет: massaget.kz

KeshYOU тобының менеджері Ләззат Баубек топты оюы бар ашық киімдер киіп шыққаны үшін сынаған адамдарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Менеджер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.

«Ою деген тек баста тұратын өрнек па? Неге онда оюланған көрпешенің үстіне жамбаспен (көтпен) отырасыңдар? Әжелеріміз киетін мәсі аяқ киім неге оюмен жасалған? Егер ол жерде басылып жүретін болса… Шапанның артында, етегінде, жамбасында неге ою бар? Қазақстанан шығатын арақ, шараптың бәріне неге оюды белгілеген? Менің айтпағым, біткен іске сыншы болған сымақтар, ең бірінші өздеріңізді түзеңіздер. Өзіңмен күрес. Қатты ұялсаңыздар, үлгі етіп үйлеріңіздегі оюлы кілем, киіз, аяқ киім бәрін осыдан былай төбелеріңе шығарып қойыңыздар. Бәлкім одан кейін бізге үлгі боларсыздар. Біз тоқтамаймыз, бәрі алда», – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: