Әнші Дастан Оразбеков 2025 жылдың ақпан айында «Орда» тобының қоштасу концерті болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Әнші бұл туралы Revue news бағдарламасында айтты.
«Тарайтын кез келді», – деді әнші, топтың мүшесі Дастан Оразбеков.
Ол «Орда» тобы 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанның бірнеше өңіріне гастрольге шығатынын айтты. Ал Алматыда 25 жылдық қоштасу концерті болмақ.
«Бұл – «Орданың» соңғы туры», – деді топ мүшесі Дастан Оразбеков.
Топ тараса да, Оразбеков жеке шығармашылығын жалғастыра бермек. Оның сөзінше, топтың басқа мүшелері де өнерден қол үзбейді.
Айта кетейік, «Орда» тобы – алғаш рет 2000 жылы «Бауыржан шоу» әзіл-ысқақ театрының сахнасында өнер көрсеткен. Әуелде топ бес адамнан құралған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!