Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртас пен Аргоняға есірткі алуға көмек берген қыз сотталып, әншілер бостандықта жүр – заңгер

19.11.2024

11293 0

Сурет: коллаж kyn.kz.

Заңгер өзінің желідегі парақшасында есірткі сатумен айналысқан әйелге шығарылған сот үкіміне қатысты жазды, деп хабарлайды Alash.kz .

Заңгер Айман Омарованың жазуынша, 2020 жылы Гауһар Мұсаға аса ірі көлемде есірткі сатты деген айып тағылған. Сотта бойжеткен есірткі сатумен айналыспағанын, бірақ әнші Қайрат Нұртас пен Арғын Аусаровқа есірткі сатып алуға көмектескенін мәлімдеген.  

Заңгер бұл мәлімдемеден кейін сот тез арада «сату» деген бапты «сақтау» деп өзгертіп, қызды небәрі үш жылға бас бостандығынан айырды деп отыр.

Ол әншілерді түрмеден құтқару үшін осындай шешім қабылданды деуге толық негіз бар екенін жазады. Сондықтан сотталушыға аз жаза берілген.

«Тергеу барысында қыздың уәждері ашық ескерілмеді. ҚР-ның Бас прокуратурасы бұл істі қайта қарап, соңына дейін жеткізуге тиіс. Заң алдында барлығы тең. Түсініктемелерде үкім мен жеке сот шешімі қоса берілген»,-деп жазады Айман Омарова.

Ұсталған қыздың айтқаны бойынша тексеріс жүргізілмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: