Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртас қамауға алынды

05.07.2024

878 0

Сурет: скриншот / Әнші Қайрат Нұртас пен жәбірленуші Асылбек Бекқайыров

5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы қаулы шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайрат Нұртас судьядан алдағы күндері гастрольдік сапары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда прокурор Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Нұртасқа қатысты қаулы шығарып, ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Жоғарғы соттың мәліметінше, 2024 жылғы 5 шілдеде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қ.А-ға қатысты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда қайталап жасалған ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі) фактілері бойынша әкімшілік істі қарады.

Судья хабарлағандай, Қ.А ұшақ бортында сөзге келіп қалып, жанжал кезінде Б-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген. Бұдан бөлек, төбелес кезінде ол әдепсіз сөздер айтқан. Ол өз әрекетімен сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

“ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. 434-баптың 2-бөлігінің санкциясы 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді. Соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен және 73-1-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды. 434-баптың 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда қайтадан жасалғандықтан, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды”, – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы анықталды. Әртіс өз кінәсін мойындады. Дегенмен төбелесті өзі бастамағанын айтып ақталды. Жәбірленушінің айтуынша, олар татуласқан және әншіге мүлдем шағымы жоқ екен. 

«Сот барысында тараптар татуласқандықтан, іс тоқтатылды. Қайрат Айдарбеков ұшақ ішінде басқа жолаушылардың барын біліп, соған қарамастан, жаншал шығарған. Яғни, қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған. Бұзақылық бір жылда қайтадан қайталанып отыр. Бұрын да айыпталған еді», – деді судья.

Павлодарлық телеграм арналары Ақсуда 13 шілде – Металлургтер күніне орай жоспарланған концерт өтпейтінін хабарлап жатыр. Концерт негізі 19 шілдеде өтуі керек еді. Бұдан бөлек 7 шілдеде Қайрат Нұртас Астанада концерт беруі керек еді. Мұнда да күтпеген жерден бас тартылып, кейінге шегерілді. Ұйымдастырушылар себебін айтқан жоқ.

Сонымен қатар Қайрат Нұртасқа қатысты іс бойынша екі жақтың татуласына байланысты іс жүргізу тоқтатылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: