Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртасқа қатысты іс қозғалды

05.07.2024

903 0

Сурет: massaget.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртас (шын есімі – Кайрат Нуртасович Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақпаратты Жоғарғы соттың байланыс бөлімі растады.

«Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Қ.А.-ға қатысты екі материал келіп түсті», – деді Tengrinews.kz-ке Жоғарғы соттағылар.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, Алматы-Астана бағытындағы авиарейс бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.

Сотта іс қашан қаралатыны қосымша хабарланатыны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: