Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қол ұстасып жүрген Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаева сынға қалды

30.09.2024

343 0

Сурет:Massaget.kz

Танымал әнші Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаеваның қол ұстасып жүрген видеосы желіде тарап, қолданушылардың сынына қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz

Концерт пен тойларда бірге дуэт орындап жүрген әншілердің арасындағы қарым-қатынас бұған дейін де жиі талқыға түсіп жүр еді. Жақында Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаева қол ұстасып жүрген видеосын жариялады. Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазып жатыр. Олардың бір тобы екеуінің әдейі жұп болып көрінетінін жазса, енді бірі шын жүректен бақыт тілеп жатыр. 

«Әрбір адам бақытты болуға міндетті, онда тұрған ештеңе жоқ, алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз», «Екеуі ешқандай жұп емес, тек контент үшін осылай елді ұстап тұр, өздерін жұп қылып көрсетеді», «Әрбір адам бақытты болуға міндетті, онда тұрған ештеңе жоқ, алдымызда не күтіп тұр, білмейміз», «Ешкімді тыңдамаңдар. Тұратын сендер. Бақытты болыңдар» деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: