Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қораз ұқсап киінгім келмейді»: Дариға Бадықова

02.09.2024

367 0

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Отандық актриса, әнші Дариға Бадықова дене бітіміне тиісіп, сынайтындарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесіне көрермен тарапынан дене бітімі мен сырт келбетіне қатысты түрлі пікір келетін көрінеді. 

“Жаңа дәуірдің балалары болған соң олардың түсінігі бөлек. Маған «2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?» деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім өзгеруге қорқады екенмін. Мұрын жасатауға үш ай кетеді екен. «Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой» дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да, қоразға ұқсап киінгім келмейді. Менікінің бәрі талғаммен», – деп жауап берді актриса.  

Айта кетейік, отандық актриса арзан дүниелерді менсінбейтінін жасырмай, тек қымбат дүние алатынын айтқан еді. 

«Менің табиғатым элегантностты қалайды. Көзге көрініп тұратын киім, арзан шаш үлгісі,  әшекей етіп тағатын сырға дегендерді қаламайды екен. Жандүнием арзан нәрселерді менсінбеді. “Менсінбеймін болды” деді. Бұл менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар қайдасыздар?» – деген еді киножұлдыз. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: