Жұма, 27 желтоқсан, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қыдырәлі Болман абақтыда жазасын өтеп жатқандармен жүздесті

01.10.2024

330 0

Фото: Видеодан кадр

Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман шалыс басып, жазасын өтеп жатқан түзету мекемесіндегі жігіттермен жолықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Павлодар қаласындағы түзету колониясында қонақ болды. 

“Ер жігіттің басына не келіп,не кетпейді. Қателеспейтін пенде жоқ. Павлодар қаласы,
жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген азаматтармен кездесуге шақырту алдым. Жүздесудің мақсаты – Республика күні қарсаңында рухани әңгіме айтып, азаматтарымызды жігерлендіру. “Кездесуді неден бастаймын, қалай аяқтаймын?!” деген ойдың болғаны жасырын емес. 
Әңгіме не туралы өрбиді?! Ұлттық мәдениетті дамыту жолдары – ол кісілер ұйып тыңдайтын әңгіме емес-ау.. Идеология, не шоу-бизнеске қызығатындар да, бірен-саран болар… Одан да жастық шақтан әңгіме айтайын деген ой келді”, – деп бастады әңгімесін продюсер. 

Сонымен қатар өнер иесі жас күнінде түрлі оқиғаларға қатысқанын айтып берді. Тіпті басынан кешкен жағдайлар кино секілді болған. 

“Өзімнің де шалыс басқан,қателескен кездерім баршылық. Қателерімді қалай түзегенім, небір “нокауттарға” түсіп, оңбай құласам да, қайта тұрып, алға жүріп, биікке ұмтылғанымды, биік мақсаттарға қалай жеткенімді, менің де тар жолға түсіп,тайғақ кешкенімді айттым. Қалай бар, солай, шынайы әңгіме неге айтпасқа?! Жаратқанға сансыз мадақ. Көңілім орнына түсті. Басшылары күтіп алды. Әңгімені басымнан өткен сынақтар, қиындықтар және қалай жеңгенім, тар жолдан қалай өткенім, тайғақты қалай кешкенімді айтып бердім. Өмірімдегі қиналған кез, ең қауіпті төбелес, қорқынышты оқиға, ең әсерлі жеңістерім де есімде қалыпты. Шынайы оқиғаға негізделген дүниелерді кино секілді айтып бердім”, – деді әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: