Сейсенбі, 19 қараша, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қыздырған сөздің көрігін

22.03.2022

938 0

Балалар жылына тарту ретінде Сыр төрінде республикалық оқушылар айтысы өтті. «Көктем нұры» атауымен айшықталған дода әз-Наурыз мерекесінің ажарын ашты.

Сөз додасында еліміздің 5 өңірі мен Қызылорда қаласы және Сырдария, Шиелі аудандарынан келген 10 айтыскер бақ сынады. Айтысқа сусап келген тұрғандар сөзден қамшы өрген арқалы жас ақындардың өнеріне тәнті болды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтыстың алқасын қыздырып, сөз додасына түскен жас ақындарды қолдап, Балалар жылы аясында оқушылар арасындағы айтыстың Қызылордада басталуының өзіндік мәнін атап өтіп, өңірде айтыстың орнына тоқталды.

– Ойлы сөзді айта білген айтыс ақындарын халық қашан да құрмет тұтқан. Облыста айтыс дәстүрлі түрде үздіксіз өтіп келеді. Сыр елі өзінің әрідегі Нартай, Манап, кешегі Маханбетқали, Замаддин, берідегі Серік, Елена, Әбілқайыр, бүгінгі Мұхтар, Нұрмат, Мейірбектей аймақ айтысын асқақтатып жүрген ақындарымен мақтанады. Соның ішінде айтыстың Ақтаңгері Мұхтар Ниязовтың үш мәрте «Алтын домбыра» иегері атанып, мәңгілікке сыйға тартуы – ұлттық өнеріміздің Сыр еліндегі мәртебесінің көрсеткіші секілді. Бүгін, міне, ұрпақтар сабақтастығының белгісіндей республикамыздың түкпір-түкпірінен дарынды, ойы зерек, темірқанат жас түлек ақындарымыз Сыр өңіріне жиналып отыр, – деді облыс басшысы.

Сөз құнын жоғары қойған жас ақындардың сөз додасына белгілі айтыскер ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, Сыр сүлейі Мұхтар Ниязов және белгілі жыршы-термеші, халықаралық конкурстарының лауреаты, халықаралық ақын-жыраулар Одағының мүшесі Амандық Бүрлібаев төрелік етті.

Айтыс қорытындысы бойынша халық ақыны Манап Көкенов атындағы бас жүлде мен ақшалай сыйлық қызылордалық Мейіржан Қартбайға табысталды. І орын маңғыстаулық Ерсұлтан Аушановқа, ІІ орын шиелілік Әмірхан Эльдарға бұйырды. Сондай-ақ Тараз қаласының тумасы Алихан Яшар мен ақтөбелік Нұрадин Арай ІІІ орынды өзара бөлісті.

Мұнан бөлек арнайы номинация жеңімпаздарына 100 мың теңгеден 5 жүлде табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: