Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қызылордалықтардың сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым»: Мақпал Жүнісова

23.09.2024

633 0

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова қызылордалықтардың өзіне көрсетілген құрметін көпке үлгі етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Қызылорда әкімшілігіне ел алдында алғыс білдірді. 

“Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімшілігі қауын, алма, арбуз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары да сүйікті әншісін өздерінің өңірлеріне шақырып жатыр. “Қарағандыға келсеңіз, көмір сыйлаушы едік” деген оқырман пікіріне халық әртісі жауап берді. 

“Ел жаққа барғанда бірдеңе алу үшін емес, әніңді айтып, көз көргендерге сәлем береміз. Алматыдан базарлық апарамын. Әкімдерді мазаламаймын. Олар келгенімді естісе, дастархан жайып күтеді. 60 жасыма концерт беріп, “Құрметті азамат” деген атақ берді. Қызылорда халқы Алматыға келіп, тұрып, осындай сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым. Ауыз тиіңіз деп әкеліп бергенде, мұрным шелектей болды. Әкімдері қандай болса, халқы да сондай кең”, – деп жауап берді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: