Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

25.01.2024

772 0

Сурет: stan.kz

Танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа денсаулығына байланысты ем алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі отбасы мүшелерімен бірге сырқаттанып жатқанын айтты. 

“Алла баршамызға денсаулық пен өмір берсін! Соңғы вирус оңай тимеді. Үйде үш күн ауырдым. Бала-шағамыз бастаған еді, бізді де айналып өтпеді. Ағамнан үш рет озонотерапия алдым. Содан “қой, өзіме қарамасам болмас деп, Қарағандыға ұшып кеттім. Осыдан жеті жыл бұрын құрбым шипажайға әкелген. Содан бері жылына бір рет келіп, құрбыммен ем алушы едік.
Былтыр келмегендіктен бе, биыл грыжа, остеохондроз, протрузия шыдатпады. Түнде ұйқыдан қалдым. Аяқ астынан жиналдым да, осы жолы құрбыма да хабарласпай өзім келе бердім. Келген соң екі күн ұйықтап, сосын жан жаққа қарай бастадым”, – дейді әнші. 

Эстрада жұлдызы жиі ел алдына шығып, сахнада жүргендіктен денсаулығына қатты мән беретінін айтты.

“Адамда көңіл-күй мен денсаулық болса алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан бес күн болса да ем алуға уақыт бөлу керек екен. Маған керек әрі ұнайтын процедуралар мыналар: омыртқаны созу, инемен емдеу, массаждың бірнеше түрі. Менің диагнозыма болмайтын қаншама ем-дом бар. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары мен әншінің өнердегі әріптестері тез жазылуын тілеп жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: