Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Роза Рымбаева күйеуінен айырылған кезін еске алды

16.07.2023

548 0

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жары Тасқын Оқапов өмірден өткеннен кейін қандай күйде болғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі «Еркін сұхбат» бағдарламасында әңгімеледі.

Әншінің сөзінше, тік жүріп, өмірге қайта араласуына сахна әсер еткен.

«Жарынан айырылғанда, шиттей екі баламен қалған кезде қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылғаннан кейін таңдау бар: балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме әлде барлығын бірге алып жүру ме? Алып жүру болды. Негізгі мамандығым – осы. Екі ұлыма да тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім. Халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың қолдауымен тезірек сахнаға шығып, гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, бөлістім. Сахна алып қалды деп айтуға болады», – деді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: