Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Садраддиннің басы дауға қалды

29.05.2024

720 0

Сурет: Stan.kz

Ақтөбе қаласының 155 жылдығында өнер көрсеткен Садраддин не себепті екі-ақ ән айтқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Өнер иесі Telegram-дағы арнасында жазба қалдырды. Ақтөбелік тыңдармандары оған «Күшіміз бірлікте» атты концертте 2-3-ақ ән айтты деп ренжіген еді. Әнші ұйымдастырушылар көп ән айтқызбағанын жазды. 

«Ақтөбе, сәлем! Бүгінгі қайырымдылық концертте ұйымдастырушылар көп ән айтқызбады маған», – деп жазды әнші.  

Алайда жергілікті ұйымдастырушылар өкілдері мен Ақтөбе қаласының әкімдігі әншінің сөзін “жалған ақпарат” деп шындықты айтты. 

“Керісінше, бұл әншінің ән айтқаны бізге де, халыққа да жақсы. Ұйымдастырушылар келгенін, ән айтқанын қалады. Ол жерде техникалық ақау өздерінен болды. Ұйымдастырушыдан кінә жоқ. Сол әншінің продюсері ме, директоры ма, қасындағы қызметкерінің ноутбугіне бірдеңе болып қалып, әндерін қоса алмай қалды. Ақтөбеден бірде-бір адам оның ноутбугіне жоламады. Өздері әкелді, өздері қосты. Техникалық жағынан өздері реттей алмай жатқандықтан, халық Садраддинді күтіп қалмасын деп уақыт созып арасына қайта бір ән жібердік. Садраддин неге «ұйымдастырушылар айтқызбады» деп жалған жазып отырғанын түсінбей отырмыз», – деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Айта кетейік, қайырымдылық концертте Sadraddin, Мархаба Сәби, Мадина Сәдуақасова, Еркеш Хасен, Аллаберген Жақсыбаев, Әлішер Кәрімов секілді өнер жұлдыздары өнер көрсетті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: