Әнші Алмас Кішкенбаев SALTANAT LIVE youtube-арнасына берген сұхбатында шығармашылық үзіліс алуының себебін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, әнші шығармашылық үзіліс алғанымен сахнадан алыстамаған.
«Дәл қазір айтарлықтай жаңалық жоқ. Егер де оны күтіп жүре беретін болсақ, тағы 5-6 жыл күту керек болады. Сол себепті ешнәрсеге қарамай жұмысты бастай берейік деп шешім қабылдадық. Жұмыс өте көп. Шығармашылық үзіліс алғаныммен, сахнаға шығуды ешқашан доғарған емеспін. Тек қана сұхбат, түсірілімдерге баруға өзімді шектедім. Қазір барлығына барып жүрмін», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!