Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал әнші Балжан Бидаш: «Маған да оңай болған жоқ»

24.06.2024

608 0

Сурет: https://www.instagram.com/bidash_official/

Танымал әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарында қатты күйзеліске түскенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда «ажырасып кетемін» деп ойламайды. «Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын» деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да моральды тұрғыда оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім. Аяқтан тұру үшін кәсіп тренингтерге бардым. Сол кезде бір кәсіп-жаттықтырушы ақыл-кеңестерімен алға жылжуға шабыттандырған болатын. Ол кісі оқиды ма жоқ па білмеймін, сол кісіге алғыс айтқым келеді… Осындай кезде жақындардың, жаныңда дұрыс кеңес беретін, жол көрсететін, қолдау көрсететін адамдар болуы маңызды өз қалпыңа келгенше», – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар эстрада жұлдызы қиын кезеңнен қалай шыққанын айтып берді. 

“Ажырасқан соң өмір бітіп қалмайды. Ол адамды кезіктірмей тұрып, қалай өмір сүрдіңіз. Солай өмір сүре бересің. Бірақ одан да жақсы өмір сүресің. Өзіңді жақсы көрмей тұрып, бүкіл өміріңді, өзіңді біреуге беріп тастағанда өзімді жоғалттым дей беріңіз. Өмірде барлығынан шаршағанда ақылды, табысты, еңбекқор адамдардың өмірін тыңдадым және оқыдым. Одан кейін спортпен айналыстым. Осылардың барлығын жасағаннан кейін, жеңіл өтіп кетті”, – дейді эстрада жұлдызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: