Жұма, 15 қараша, 23:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Танымал әншінің басы дауға қалды

18.01.2024

455 0

Сурет: el.kz

Әнші Индира Расылхан коуч Роза Әшірбаеваның айтқан сөздерін сынап, әйелдерді бұзып жатқаны туралы пікір білдірді. Алайда желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қарсылығын білдіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыздар, өзімнің ойымды білдіргім келіп тұр. Бүгін Роза коучтың парақшасын қарадым. Айтары бар деп ойлаймын. Дегенмен, көбінесе біздің әйел адамдардың мықты болып кеткенін айту керек. Әйелдерге нәзік, әлсіз екенін айту керек сияқты. Қыздардың бәрі мен күштімін деп кетті. Жақында бір досым Розаны тыңдап, әйелім үйден кетіп қалды дейді. Сол талай қазақ қыздарына кесір болып жатыр дейді. Ол ер адамға не дәлелдеймін? Олар бұған дейін ажырасқысы келді, бірақ Роза себеп болды. Еркектердің көбісі Розаны айыптап, әйелдерді бұзып жатыр деп айтып жатыр, – дейді әнші Индира Расылхан өз сөзінде.

Әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға қатысты кеңес беріп жүрген коуч әншінің сөзін желіде жариялап, мәселенің анық-қанығын баяндады.

Нәзік, жұмсақ Салтанат Нүкеновадан ата-анасы, бауыры айырылып қалды. Күйеуі оны бағалаған жоқ. Статистика бойынша Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан, соғысқа бармай, үйінде өледі. Күніне бір әйел сүйген жарының соққысынан жан тапсырады деген сөз. Дәл қазір сіз әйел нәзіктігі туралы әңгіме айтып тұрғанда бір нәзік жан күйеуінен таяқ жеп жанталасып жатқан болуы мүмкін… Ал оған басқалар шыда, сен әйелсің, сен нәзік болу керексің деп ақыл айтады… Еркектер құтырған иттей әйелді жан-жақтан талап, оның жаны мен тәнін қинауды норма көретін қоғамда әйелге нәзік болу қауіпті…Еркектер мені “ажырастырдың” деп кінәласа, олардың әйелдері маған жанымды құтқардың деп алғыс айтады, – дейді Роза Әшірбаева.

Оның айтуынша, ол ешқандай әйелге ажырас деп кеңес бермеген.

Әйел расында қорған болып отырған еркектен кетпейді. Кетсе езгідей езіп, қол көтеретін еркектен кетеді. Ажырасудың себебі мен емес, әйелін адам құрлы көрмеген еркекте. Еркектер ажырасудың аз болуын қаласа әйелге мейірімді болсын, әйелді сүйсін. Мен ешкімге ажырас деп үгіттемеймін, мен әйелге өзіңді қорға деп ақыл айтамын. Қазіргі заманда әйелдің қорғаны мен қауіпсіздігі еркегі емес, оның білімі, ақшасы мен мықтылығы. Солай болуына өкінішке орай еркек кінәлі! Бұл менің ойдан тапқан фантазтиям емес, еркектен қорлық көрген әйелдердің шындығы.., – дейді коуч Роза Әшірбаева.

Танымал коуч өз қиындығын айтып, көмек сұраған әйелдердің барлық блогерлер мен әншілерге жазатынын атап өтті. Алайда, шоу-бизнес өкілдері бұл мәселеден қашқақтайды дейді.

Маған ғана емес, әйелдер өз қиындығын барлық блогер, әнші, актриса әйелдерге жазады. Бірақ олар үнсіз, еркектің сөзін сөйлейді, нәзік бол, кінәні өзіңнен ізде дейді. Мен ешкімге ұнауға міндетті емеспін, бірақ шырылдаған әйелдерге жаныңды сақта деп айту азаматтық миссиям!, – деп түсіндірді белгілі коуч Роза Әшірбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: