Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тарбағатайдағы айтыс

02.08.2022

1480 0

Шілденің соңғы күндері «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай облысының Ақсуат ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты «Асыл домбыра-2022»  республикалық ақындар айтысы өтті. Оған осыған дейін екі мәрте іріктеуден өткен жыр жүйріктері қатысып, өзара бақ сынады.

Сегіз жұптан құралған сөз сайысын ақын Әсия Беркенова, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлық­бек Есдәулетов, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, ақын Несіпбек Айтұлы, ақын Серік Қалиев, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бағалады.

Өнер бәйгесінде ақындар елдікті де жеріне жеткізіп жырлады. Қылдан май суырғандай етіп, ақиқатты да ашына айтты. Қазақтың өткені мен бүгінін жіпке тізгендей көркем сөз, кестелі оймен шебер жырлады. Шырайлы Шығыстың керемет табиғатын әсем сөзбен әрлеп, әдемі оймен әспеттеді.

Бұл айтыстың бір ерекшелігі, ақындар алдын ала жұпталмай сол жерде жеребе арқылы анықталды. Сырдан барған үш ақын да сын сәтте сәйгүліктей суырылып шықты. Суырып салып айтысып, ай­тыстың қас үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде «Айтыс ақтаңгері», об­лыстық халық шығармашылығын да­мыту орталығы директоры Мұхтар Ниязов «ASSYLTAS» қоғамдық қоры­ның стипендиясын иеленді. Шиелілік Ержан Әміров жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Ал Аралдың жас жүйрігі Бексұлтан Орынбасаров арнайы жүлдемен мара­патталды.

Айта кетейік, айтыстың бас жүл­десі «ASSYLTAS» қоғамдық қоры тағайындаған «Асыл домбыра» және жеңіл автокөлік Ринат Зайытовқа бұйырды. Бірінші орынды Мұхтар Ниязов жеңіп алса, екінші орынды тараздық Қанат Мырзақан иеленді. Үшінші орынның жүлдесімен жерлесіміз Ержан Әміров пен ақтөбелік Нұрбол Жауынбаев марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: