Сәрсенбі, 24 шiлде, 14:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

«Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні кино түсіруді қоямын»: Гүлнұр Мамасарипова

24.07.2024

116 0

Сурет: https://www.instagram.com/gulnur_mamasaripova/

Атақты “Келінжан” телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова өзінің жобаларын сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кино саласының маманына бір оқырманы: “Басқа ел дамып жатса, біздің қазақ “Келінжан” көріп отыр” деген еді Құралай ханым”, – деген пікір білдірді. 

“Құралайдың өзі де “Келінжан” көреді-ау. Жалпы әркім өзінше дамиды ғой. Құралай Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні мен де “Келінжан” түсіргенімді қоямын”, – деп жауап берді кинопродюсер. 

Сондай-ақ кезекті желі қолданушысы:

“Қазақтың дамуына “Келінжан” кедергі келтіріп жүр ме екен сонда?”, – деп сұрады. 

“Жалпы өзім негативті ұнатпаймын. Айтсам, ауыз өзімдікі деп айта аламын. Тілім тәтті де, ащы да. Біреуге киномды өткізу үшін басқаның киносын даттамаймын. Өйткені әркімнің таңдауы өз еркінде. Қазақты дамыту дегеніміз – өзгенікін дамыту емес. Қазақтың өз даналығы өзінде. Сосын білім мен өре және IQ деген бар”, – деп жауап жазды Гүлнұр Мамасарипова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: