Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

18.07.2023

498 0

Заң бұзып, басы дауға қалған әнші Төреғали Төреәлі жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің қазіргі жағдайы туралы адвокаты Эльнура Кішкенебаева мәлім етті.

“Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рахмет айтамын”, – деп жазды заңгер.

Айта кетейік, 4 шілде күні Төреғали Төреәліні қамауда ұстау мерзімі ұзартылған еді.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: