Танымал әнші Төреғали Төреәлі “Қазақстан полициясы күні» мерекесімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол тәртіп сақшыларына арналған су жаңа әнінің тұсауын кесіп, көрерменге ұсынды.
“Құрметті, ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!”, – деп жазды өнер иесі.
Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған кеште эстрада жұлдызы өнер көрсетіп, үндеу жасады. Өйткені жиынға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қатысқан еді.
“Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” – деп әзілдеді әнші.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!