SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі бала күнгі армандарының дені орындалғанын айтып, халықты дұрыс армандауға шақырды.
“Мектебімнің асханасы тегін тамақ тарататын кезде мен де тағатсыздана күтетінмін. Сонда мен де өскенде айналама ас беруді армандайтынмын. Шіркін, уақыт өте, бала күнімнен келе жатқан армандарымның орындалып жатқанын да білмей қалыппын. Төреш шұжығын қолдан келгенше елге таратып жатқаным да осы күндердің дәнегі болар», – деп жазды ол.
Сонымен қатар әнші өзінен басқа ешкім білмейтін сырын да айтты. Ол алғаш өнер көрсеткен сахнасына көтерілді.
“Армандауға болады екен, ағайын. Мектебім осы армандарыммен маған қатты ыстық. Оқушы Төрештің “мектеп сахнасындағы маған бүкіл Қазақстан қарап тұр” деп өнер көрсеткенін де өзінен басқа ешкім біле бермейді», – деп ағынан жарылды әнші.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!