Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Төреғали Төреәлі заңсыз лотерея ойнататын блогерлерге қарсы шықты

04.07.2024

467 0

Сурет: stan.kz

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Төреғали Төреәлі заңсыз гив жасап, лотерея ойнататын желі жұлдыздарына ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Эстрада жұлдызы әріптестері мен блогерлерді заңсыз іс-әрекет етуден аулақ болуға шақырды. 

“Құрметті ағайын! Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы заңсыз лотерея, ұтыс ойнататын фактілер көбейіп кетті. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, мұндай ойындар заңмен қатаң реттелген. Заңды ұтыс билеттері арнайы сату бөлімдерінде ғана беріледі. Оны құзырлы органдар бақылап отырады. Арнайы сату мамандары заңды билетті әлеуметтік желіде сатпайды. Сатқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондықтан блогерлерде заңсыз лотерея ұйымдастырмауға, ал халықты алаяқтықтан аулақ болуға шақырамын. Тәптіпті сақтайық! Тәртіпке басын иген құл болмайды. Осыны ұмытпайық!”,– деді өнер иесі. 

Заңгер, құқық қорғаушы Нұрсұлтан Орынбеков өнер иесінің қолдағанына риза болды. 

“Төреғали Төреәлі алғаш болып, Туризм және спорт министрлігімен заңсыз лотереяға қатысты бастамамызға үн қосты. Ақшадан абыройын биік қоятын халық әншілері мен өнер жұлдыздарын қатарымызға қосылуды сұраймын”, – деп жазды заңгер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: