Жексенбі, 29 желтоқсан, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Тойды қысқарту керек деген адамдарды түсінбеймін»: әнші Ұланғасыр Қами

03.06.2024

822 0

Сурет: instagram.com/ulangasyrqamiev

Әнші Ұланғасыр Қами «Бес жұлдыз» бағдарламасында өзін сынап тастағандарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бағдарламада сарапшылардың бірі әншіні сынап тастаған болатын. 

«Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер», – деген еді сарапшы. 

Ұланғасыр Қами сарапшының той туралы айтқан сөзіне жауап берді. 

«Тойдың несі жаман? Той болып жатса Қазақстанымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысқарту керек деген адамдарды да түсінбеймін. Қысқартсаңыз – өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы кредит алып жатса өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы. 

Екіншіден, егер сіздің де той туралы бір әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Бұл әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі», – дейді Ұланғасыр Қами. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: