Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Түрік әншісі Мурат Япырак Қазақстанға қоныс аударған

03.07.2024

700 0

Сурет: Видеодан скриншот

Түріктің танымал әншісі, сазгер Мурат Япырак ендігі болашағын Қазақстанмен байланыстырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі «Қызық Times» бағдарламасына берген сұхбатында туған жерінен шаршап кеткенін жасырмады. 

“Қазақстанға түбегейлі көшіп келдім. Шынымды айтсам, Түркиядан шаршап кеттім. Бұл жақта да туған жерде жүргендей сезінемін. Кішкентай қызымнан «Қызым, қайда барамыз? Түркияға барамыз ба, Қазақстанда қала береміз бе?» десем, «Қазақстанда қала берейікші» дейді. Қызым осында мектепке барады, қазақ тілін қызымнан үйреніп жүрмін. Отбасыммен қоныс аудардық деуге болады», – деп ағынан жарылды әнші.  

Сондай-ақ шетелдік әнші отандық әншілермен шығармашылық байланыс орнатып үлгергенін айтты.

“Қазақ әншілерімен шығармашылық байланыс орнатып жатырмын. Адам лақап атымен танылған Фарук Тоқтамұратовпен күні кеше ғана таныстым. Түркияда Adam мен Sadraddin қатты танымал. Өзім де желідегі видеоларға Sadraddin әндерін қоямын, оның тыңдарманымын. «Айға қарап» әнін сүйіп тыңдаймын. Ал Қазақстанға мені танытқан «Yeminler» әні. Бұл әнді Нұрсұлтан Нұрбердиев қазақ тілінде орындады. Содан маған ұсыныс көп түсе бастады. Екеуміз бірге де қазақ сахнасында шырқадық. Халық керемет қарсы алды. Бір күні әйеліме Қазақстанға бару туралы ұсыныс айттым. Ол кісіге де елдеріңіз ұнап жатыр”, – деді түріктің өнер жұлдызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: