Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлдарым «маменькин сыночек»-тер: Ләйлә Сұлтанқызы 

13.08.2024

394 0

Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі сөзін бұрмалаған әріптестеріне ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Көрмес-түйені де көрмес. Өткенде Елдос Сметов туралы Айгерім Тоқсанбектің жазбасын цитировать етіп құттықтаған постымды сүйікті әріптестерім ары қарай «Елдосқа Ләйлә «қартайдың, спорттан кет» деп жатыр», – деп ойнатып жіберген ғой. Күлдім де қойдым. Мұндай тәсілдер БАҚ-та жиі кездеседі. Жарайды, ол қорқынышты емес, бірақ алда жасанды интеллектің күшімен монтаж жасап, жеке өзіңізге, отбасыңызға, бизнесіңізге нұқсан келтіргісі келетіндер сіз жасамағанды жасады, айтпағанды айтты қылып, бопсалаудың түр-түрін көрсете алады. Фактчекинг, сыни ойлау, ақпаратты тексеру, анализ жасау деген өзімізден басталады. Өзіміз білмесек, балаға не үйретеміз?», – деді журналист. 

Сондай-ақ, ол мұндай ақпарат бұрмалаушылықтан балалар жиі зардап шегетінін алға тартты. 

«Ал жала жабылғанның бәрінде қорғанатын күші, білімі, адвокаты, хейтке мықты иммунитеті болмауы мүмкін, әсіресе балалардың. Бала демекші, TikTok-та, тіпті мұнда да шашы май-май, мыж-мыж, үтіктелмеген киіммен отырып алып, тұрмысқа шықпаған қыздардың «маменькин сыночек» туралы пікірлерін көріп: «Айналайын сіңлім, мен де папина дочамын. Ұлдарым «маменькин сыночек»-тер, сен ойлағандай осал емес! Керісінше қазір оқы, білім ал, қылықты бол, тазалықты сүй, өзіңді күт, жақсы жігітке тұрмысқа шық, шын сүйсең «маменькин сыночек» сені бақытты қылады және дүниеге ұл әкелгенде ұлым мені шексіз сүйіп, құрметтесе екен деп тілейтін боласың» дегім келеді. Лайым сол күнге құдай жеткізсін!» – деп жазды журналист. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: