Ұлттық құндылықтарымыздың бiрi – қасиетті қара домбыраны дәріптеу мақсатында Сыр өңірінде көптеген iс-шаралар ұйымдастырылуда. Аудан орталықтары мен ауылдарда түрлi мәдени-көпшілік жиындар мен кештер өткiзiлуде. Ұлттық домбыра күні қарсаңында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Күй мен күйшi» атты халық аспаптар оркестрінің күйші-концертмейстерлерінің республикалық фестивалі өтті. Оның қорытындысымен Тұңғыш Президент саябағында гала-концерт ұйымдастырылды.Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өнер шеберлерін құттықтады.Мерекелік кеште «Қара жорға», «Сарыарқа», «Адай» секілді күйлер орындалып, қалың көрерменге рухани азық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!