Танымал әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үн қатты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі Қазақстанда ЛГБТ өкілінің көбейіп жатқанын жазып, дабыл қаққан.
«ЛГБТ деген нәрсе елімізде өте кең қанат жайып жатыр, енді бала-шағаңды абайла. Шежірем жалғассын десең, балаларыңа Исламның тәрбиесін беріп қал. Өйткені, «ЛГБТ» ұрпақты түбімен жоюды қалайды. Бұл топан судан да жаман», – деп жазған ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!