Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жазира Байырбекова: «Халық мені жек көріп кеткендей»

06.11.2024

804 0

Сурет:alash.kz

Жазира Байырбекова оқырмандарына ренішін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол “Жек көремін” деп жазылған пікірлерді оқып көңілі түскенін жасырмады.

«Әріптестеріммен түскен видеоларыма «Жазираны жек көремін. Жазираны көргім келмейді» деген пікірлерді көріп қалдым. Кәдімгідей көңіл күйім түсті. Бұрын маған әріптестерім қызығатын. «Осы саған ешкім жағымсыз пікір жазбайды, бәрі сені жақсы көреді» деп айтатын. Мен соған сеніп жүре бергенмін. Жақсы көріну үшін еш нәрсе жасаған жоқпын. Бірақ кеше желіні ақтарып, халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым. Бірақ мен ойландым. Мен халыққа пайдалы еш нәрсе жасамай жатқан шығармын. Бұл мені қамшылау шығар деп ойладым», – дейді Жазира Байырбекова.

Жазира Байырбекова өзінің көңілшек екенін айтып, халыққа өтініш жасады.

«Сіздердің сөздеріңіз, жағымсыз пікірлеріңіз, мақтауларыңыз, құрметтеріңіз барлығы менің жүрегіме, көңіліме әсер етеді. Сынасаңыздар, ұрыссаңыздар мен ойлана бастаймын. Қай жерден қате жібердім, нені дұрыс істемей жатырмын? деп ойланамын. Кеше кішкене көңіл күйім түсті. Маған не істесеңіздер де, қатты ұрыспаңыздаршы», – деді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: