Жұма, 27 желтоқсан, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен дос болғанын жасырмады

17.06.2024

487 0

Сурет: Подкастан скриншот

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова өнердегі жолының дамуына қылмыс әлемінің серкелерінің ықпалы болғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ADAL Adam Youtube арнасына сұхбат әнші өнердегі жолының қалай өрбігенін айтып берді. 

“90 жылдардың аяғы, 2000 жылдары рэкеттердің дүрілдеп тұрған уақыты еді. Мен мұқтаждықтан дос болған жоқпын. Ол кезде менің “Аяла сен мені”, “Сыр сұлуы” әндерімнің дүрілдеп тұрған кезі. Кім маған билет алып беріп, ақша төлейді, соның қуанышына ортақтасамын, шақырған жеріне барамын. Солардың арқасында жағдайымды түзеп алдым. Тіпті, бандит па, мұғалім бе, бухгалтер ма, милиция ма шаруам болмады. Шешесінің мерейтойына шақырады, келіншегінің туған күніне барамын. Әнімді айтып, ақымды алып қайтамын. Кейін барып қылмыс әлемінің серкелері екенін білдім. Мені “пидрушка” деп айтатын. “Подрушка” деген сөзі ғой. “Біздің ауылға келіп, әніңді айтып, ауыл тұрғындарын қуантып кетсеңіз” дейді. Өнердегі әріптестеріммен барып, ауылды той-думанға бөлеп қайтамыз. Міне, біздің сыйластығымыз. Солар бізге тиісіп, бұзақы іс-әрекет жасамапты”, – деп ағынан жарылды әнші. 

Сондай-ақ бір-екі кісінің есімдерін атам, мәңгі дос болып қалатынын жеткізді. 

“Атыраулық “Ақаман” лақап атымен танылған Аманжан Рысқалиев – менің ең жақын досым болды. Ол мен үшін бизнесмен ғана. Басқа тірліктерінің ешқайсысынан хабарым жоқ. Ол ата-анасының үкілетіп өсірген ұлы, Тұрсын деген келіншектің күйеуі. Бар білетінім – осы. Басына қандай іс туса да, ол менің досым болып қала береді. Атырау өңіріне қаншама еңбегі сіңді. Бір оқиғаны естідім. Жол апатына түскен ақын баланың бүкіл еміне қаражатын жұмсап, аяғына тұрғызғанын естідім. Қандай керемет адам?! Дәл қазір сыртта жүр. Оған да оңай емес. Бала-шағасы аман болсын!”, – дейді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: