Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жұбаныш Жексенұлы «Нурикамал» әнінің шығу тарихын айтып берді

07.08.2024

383 0

Сурет: Подкастан скрин

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы бойтұмарына айналған “Нурикамал” әнінің шығу тарихын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Dope soz подкастына сұхбат беріп, жиі шырқап жүрген әнінің тарихына тоқталды. 

“Нурикамалдың” тарихын бүкіл қазақ біледі десем, Саят інім: “Жастар білмейді, жүрген жеріңізде әннің тарихын айтып жүріңіз” деді. Шынымен де, жастар біле ме екен деп ойлап қоямын. Тағы бір рет айтып берейін. Ол ән Нурикамал Сейтжанова деген апамызға арналған ән. Сөзін жазған Ханбибі Есенқарақызы деген азуылы ақын, Фаризаның сіңлісі. Тұрдықылыш Ізтаев деген беделді композитор кісі. Сол кісілердің авторлығымен дүниеге келген туынды. Нурикамал апай министрліктен тексеруге келеді. Ол кезде Шымкент мәдениет басқармасын Ханбибі апа басқарып тұрады. Тексеруге келген қонақтарды керемет күтеді. Тауға шығып, серуен құрады. Сол кеште ағамыз өзіне муза тапты деп айтқанымыз дұрыс шығар. Аузының суы құрып, ғашық болды деуге келмес. Әнге арқау болатын адамды жолықтырды. Нурикамал апай өте сұлу болған. Мен ол кісіні 60 жасқа таяған шағында көрдім. Сол кезде-ақ бетінің ажары кетпеген еді. Хан апаның айтуынша, таңғы 4-те сөзі дүниеге келген. Ағамыз таңға дейін аспапта музыкасын жазып отырған. Мелодиясын тыңдап отырып, сөзін жазып берген”, – дейді әнші. 

Айта кетейік, Ханбибі Есенқарақызы күйеуі Нурикамалға қосылғанда басқаша өмір сүретінін айтқан еді.  

“30 жыл отасқан күйеу 3 баласын да ойламаса керек. Кетерінде бәрін беріп кеттім ғой. Кейін әйелінің сұратқан дүниелерін де бердім. Қызым қатты ашуланды. Сонда мен «бер, оның тарихы да жоқ, болашағы да жоқ. Тарихы сендер едіңдер, өз қолымен сызып тастады. Болашағы анау, алған әйелі 20 жылдан бері неге тумайды?» дедім. Баласы жоқ адамның болашағы бар ма? «Ал сенің болашағың алдыңда» дедім. Оның тағдыры аянышты, оны табаламаймын, ол жаман қолға түсті. Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік. Бірақ сол қайтыс болғанда хостелден шығарыпты», – деді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: